• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Коронавирус 28 Қаңтар, 2021

QazCovid-in сенімді компоненттерден тұрады

151 рет
көрсетілді

Отандық QazCovid-in вакцинасын әзірлеу барысында жылдар бойы жақсы нәтиже беріп келген технология қолданылды. Вакцинаның барлық құрамдас бөлігі басқа да вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылып келеді, сондықтан сенімді компоненттерден тұрады.

Инактивті вакцинаның платформасы қауіпсіз болып саналады. Халықтың көпшілігі вакцина­ның құрамындағы компоненттерді басқа да вакциналар арқылы бұған дейін де қабылдаған. QazCovid-in препаратын әзірлеу барысында пайдаланылған жалғыз жаңа компонент – белсенді емес вирус.

«Инактивті вакцинаны да­йындау технологиясы қарапайым. Бұл бас­қа вакциналарға қараған­да қауіп­сіз әрі тиімді әсер етеді. Вак­ци­наны егу нәтижесінде мық­ты иммунитет қалыптасады. Мысалы, ауырып, кейін сауыққан адамда пайда болатын иммунитетпен салыстыруға болады. Инактив­ті вакцинаны дайындау үшін пайдаланылған компоненттердің басым бөлігі ондаған жылдар бойы ғылыми тұрғыда пайдаланылып келеді. Оның зияны болмаған. Сон­дық­тан біз QazCovid-in әзірлеу үшін вак­цинаның инактивті түрін таңда­дық», деді Биология­лық қауіпсіз­дік ғылыми-зерттеу инс­титутының жетекші ғалымы, вирусолог, доктор, профессор Леспек Кұтымбетов.

Бұған дейін вакцинаны әзірле­ген ғалымдар, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Қазақ­стан Республикасы Прези­дентінің көмекшісі Ерлан Қарин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің ректоры Талғат Нұрғожин клиникалық зерттеулерден тыс, ерікті түрде отандық вакцинаны салдырған болатын.