• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қаңтар, 2021

Көлік полицейлері «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасын жүргізеді

225 рет
көрсетілді

1-5 ақпан күндері аралығында Көліктегі полиция департаментінің қызмет көрсету учаскесінде «Мигрант» жедел алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Бұл туралы бүгін Департамент бастығы Оңал Бекеев хабарлады.

«Іс-шараның мақсаты - тиісті құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасында заңсыз жүрген азаматтарды анықтау, сондай-ақ заңсыз көші-қон арналарының жолын кесу», - деді О.Бекеев.

Оның айтуынша, аталған жедел алдын алу іс-шарасына ведомствоның барлық күштері мен құралдары жұмылдырылады. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету үшін департаменттің қызмет басшылары мен жеке құрамы есебінен жедел жұмыс топтары құрылмақ.

«ЖПІШ өткізу кезенде еліміздің теміржол вокзалдары мен аэровокзалдарындағы жолаушылар ағымы жіті қадағаланатын болады. Бұл күндері жоғарыда аталған нысандарда тәулігіне 250-ден аса полиция қызметкері тартылмақ. Бұған қоса, аталған шараға жолаушылар поездарында ілесіп жүру батальонының қызметкерлері де жұмылдырылмақ», деді полиция полковнигі.

«Сондай-ақ елде болу ережелерін бұзған шетелдіктерді, сонымен қатар шетелдік жұмыс күшін тарту ережелерін бұзған жұмыс берушілерге, оларды  ұйымдастырушыларға қатысты тексеріс жүргізіледі», деп түйіндеді сөзін ол.