• RUB:
    5.54
  • USD:
    474.71
  • EUR:
    511.74
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қаңтар, 2021

Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan белсенділері мен жақтастарына алғыс айтты

166 рет
көрсетілді

«Nur Otan»-ның үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқан 18 мыңнан астам белсенді мен партия жақтасы Елбасыдан алғыс алады. Марапатталатындардың 70%-тен астамы – аудан мен шағын қалалардың тұрғыны болса, 36%-ті – әйелдер, 27% – 35 жасқа дейінгі жастар. Бұл туралы бүгін партия Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Facebook желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Құрметті достар! Өздеріңізге белгілі, өткен электоральды науқанда біздің партия бір айға жетпейтін уақытта 7 миллионнан астам сайлаушыны қамти отырып, 28 мыңдай үгіт-насихат іс-шарасы мен кездесулер өткізді. Әрбір қала мен ауданда 7 мыңнан астам нұротандық аға буын өкілдерімен, жастармен, дәрігерлермен, мұғалімдермен, жұмысшылармен, аграршылармен, кәсіпкерлермен, зиялы қауыммен және басқа да азаматтармен кездесті. Басқосулар барысында мәселелер ашық талқыланып, партияның сайлауда көздеген мақсаты тілге тиек етілді», деді Б. Байбек.

Сондай-ақ ол «Nur Otan»-ның жеңіске жетуіне жас белсенділердің қосқан үлесі көп екенін айтып өтті.

«Есіктен есікке» акциясы аясында жасотандықтар 1,4 млн үй мен пәтерді аралап, 6,2 млн үгіт материалын таратты. Өңірдерде қоғамдық қабылдау бөлмелері қарқынды жұмыс істеп, оларға 95 мың өтініш түсті. Біздің кандидаттарымыз бен сенім білдірілген тұлғаларымыз 48 мыңнан астам адамды қабылдады. Елбасы, партия Лидері Нұрсұлтан Назарбаев өткен сайлау барысында «Nur Otan»-ның үгіт-насихат науқанына белсенді қатысқаны үшін 18 мыңнан астам қатардағы белсенді мен партия жақтастарына алғыс хаттар жолдады. Олардың 70%-тен астамы – аудандар мен шағын қалалардың тұрғындары. Марапатталатындардың 36%-ті – әйелдер, 27% – 35 жасқа дейінгі жастар», делінген жазбада.

Осы орайда ол партия бір ай ішінде жұртшылыққа барлық ауданда, қалада және облыста сайлауалды уәделерді іске асыру бойынша жол карталарын ұсынатынын атап өтті.

«Онда нақты нысаналы индикаторлар, жылдар бойынша іске асыру мерзімдері, сондай-ақ жауапты орындаушылары көрсетіледі. «Nur Otan» – мақсаты айқын, нақты істер партиясы! Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» деді Б.Байбек.