• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Қазақстан 29 Қаңтар, 2021

Алик Шпекбаев отандық компания иелерін жемқорлыққа қарсы күресуге шақырды

222 рет
көрсетілді

Алик Шпекбаев топ-50 отандық компанияның меншік иелерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтерді енгізуге шақырды, - деп хабарлайды Egemen.kz

«Квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын одан әрі дамыту мақсатында Президент жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясы мен «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университеті базасында білім беру және әдіснамалық сүйемелдеу басталады. Комплаенс-офицерлер ұлттық компанияларда сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу жұмысының сапасын арттыруға мүмкіндік беретін кешенді семинарларға қатысады.

Сонымен қатар, біз Қазақстанның ірі жеке ұйымдарында комплаенс-қызметтерді құру бойынша жұмысты бастаймыз. ТОП-50 отандық компанияның меншік иелерін осы институтты енгізуге шақырамын»,  деді А.Шпекбаев.