• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 29 Қаңтар, 2021

Үкімет басшысының орынбасары Ақпарат министрлігіне бірқатар тапсырма жүктеді

244 рет
көрсетілді

Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне қатысты тапсырмаларды жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz

«2021 жылға арналған басымдықты бағыттар бар. Бұл бағыттар министрлік қызметінде атқарылатын басты жұмыстар болады. Біріншіден, Мемлекет басшысы «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ары қарай жүзеге асыру бойынша нақты міндетті жүктеді», деді Е.Тоғжанов.

Ералы Тоғжановтың айтуынша, бұл бағытта қоғамдық бақылау туралы заң жобасын әзірлеу маңызды қадам ретінде белгіленді.

«Бұл мәселе бойынша қазіргі кезде тыңғылықты жұмыстар жүріп жатыр. Министрлік қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істеп, осы бағытта ұсынылған пікірлерді ескеру керек. Бұл маңызды жоба бойынша сіздермен, сондай-ақ депутаттық корпуспен бірлесе жұмыс істейміз. Бірқатар мәселе бойынша талқылау жүріп жатыр, сондықтан министрлік осыған ерекше назар аударуы тиіс», деді Ералы Тоғжанов.