• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Әлем 29 Қаңтар, 2021

Ресейдің ЖОО-дары дәстүрлі оқу форматына оралады

368 рет
көрсетілді

Ресей университеттері 7 ақпаннан бастап Роспотребнадзордың аумақтық органдарымен келісе отырып, күндізгі оқуға оралады, деп хабарлайды Egemen.kz

Ресейдегі білім министрлігі өкілдерінің айтуынша, күндізгі оқуға оралу туралы шешім қабылданғанымен, білім ордалары эпидемиялық жағдайдың күрт нашарлауына дайын болуы керек.

«Ресей Федерациясының ғылым және жоғары білім министрлігінің қарамағындағы жоғары білім беру ұйымдарының басшылары Роспотребнадзордың аумақтық органдарымен келісе отырып, санитарлық-эпидемиялық жағдайға және Ресей Федерациясының тиісті аумағында жаңа коронавирустық инфекцияның таралу ерекшеліктеріне сүйене отырып, күндізгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру ұйымдастырылсын», делінген құжатта.

Сондай-ақ ректорларға вирустың таралуының алдын алу бойынша шаралар қабылдау керектігі айтылды. Соның ішінде ЖОО-ларда санитарлық тәртіптердің жіті қадағалуы тиіс.

Белгілі болғандай, бұйрық 7 ақпаннан бастап күшіне енеді.

 

Айтолқын МЫРЗАКАРИМ

Соңғы жаңалықтар