Әзербайжанның Агдам ауданында Таулы Қарабақтағы атысты тоқтатуды бақылау бойынша бірлескен Ресей-түрік орталығы жұмысын бастады.
Бұл туралы Ресей Қорғаныс министрлігі хабарлады. Орталық құрамында әр тараптан 60-қа дейін әскери қызметші жұмыс істейтін болады. Сондай-ақ жаңа орталық тараптардың әскери басқару органдарымен және Ресейдің бітімгершілік контингентінің штабымен тікелей байланыса алады. 30 қаңтарда өткен бірлескен Ресей-түрік орталығының ашылу салтанатына Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің басшысы Закир Гасанов, Ресей Қорғаныс министрінің орынбасары Александр Фомин және Түркия Ұлттық Қорғаныс министрінің орынбасары Юнус Караосманоглу қатысты. Бақылау орталығы Таулы Қарабақта атысты тоқтату бойынша ақпаратты жинап, жинақтап, тексеріп отырады.