• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 01 Ақпан, 2021

Вьетнам билігіне 76 жастағы қария қайтып келді

155 рет
көрсетілді

Вьетнамның билеуші ​​партиясы өзінің 76 жастағы көшбасшысы Нгуен Фу Тронгты қайта сайлады. Бұл Вьетнам тарихында бұрын болмаған жағдай. Тронг 65 жастан асқандықтан, билікке таласпай-ақ бұрынғы орнына қайта отырды, деп жазады Egemen.kz BBC.com сайтына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Нгуен Фу Тронг 2016 жылы Вьетнамда жемқорлыққа қарсы күрес жүргізген еді.  Сол аралықта ел билігіндегі бірнеше лауазымды шенеунікті түрмеге тоғытқан. Дәл осы жағдай оны соңғы онжылдықтағы ең мықты басшылардың бірі ретінде елге танытты. Тронгтың үшінші бесжылдықта өз орнын сақтап қалуына аталған жағдайдың әсері мол дейді әлемдік сарапшылар. 

 

Аида ОРАЛБЕК