• RUB:
    4.69
  • USD:
    513
  • EUR:
    541.16
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Ақпан, 2021

Бейбіт Атамқұлов «5-10-20» жобасын жалғастыруды ұсынды

164 рет
көрсетілді

«5-10-20» жобасын жалғастыруға жыл сайын420 млрд теңге қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Индустрия және инфрақұрылымдық дамуы министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Жалға берілетін тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тарта отырып, тұрғын үй құрылысының жаңа тетігі әзірленеді. Сонымен қатар, кредиттік тұрғын үй құрылысы көлемін ұлғайту және «5-10-20» жобасын жалғастыру ұсынылады», деді министр.

Оның айтуынша, ол үшін жыл сайын 420 млрд теңге қажет. Яғни бұл мақсатқа 7 жыл ішінде 2,9 трлн теңге қажет болады.

«Бұл жыл сайын тіркелген бағамен 35 мың пәтер салуға мүмкіндік береді. Осы тетік арқылы кезекте тұрған 353 мың адам қолдауға ие болады», деді Бейбіт Атамқұлов.