• RUB:
    5.48
  • USD:
    474.09
  • EUR:
    514.01
Басты сайтқа өту
Үкімет 02 Ақпан, 2021

Алматы облысындағы білім нысандарының атауы өзгерді

914 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Мамин Алматы облысының кейбір білім беру ұйымдарына атау беру және атауларын өзгерту туралы Қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Іле ауданының білім бөліміне қарасты «48 орта мектебі» мемлекеттік коммуналдық мекемесіне Төлеген Айбергеновтің есімі берілді. 

Кеген ауданының білім бөліміне қарасты «№3 Кеген орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің атауы – «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар Кеңес Нұрпейісұлы атындағы орта мектеп» КММ болып өзгерді.

Бұдан бөлек, Қарасай ауданының білім бөліміне қарасты «Үшқоңыр қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Әлжан Бұқарбайқызы атындағы қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталды.

«Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,  делінген құжатта.