• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Ақпан, 2021

2021 жылы Қазақстанда халық санағы жаңа тәсілмен жүргізіледі

792 рет
көрсетілді

Қазақстанның стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы Қайрат Келімбетов 2021 жылы ұлттық халық санағын өткізу туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

«Президент жанындағы реформалар жөніндегі Жоғары Кеңестің шешіміне сәйкес, ұлттық санақ биыл жүргізіледі. 2021 жылғы ұлттық халық санағының жаңалығы – заманауи цифрлық технологияларды енгізу және процесті автоматтандыру», деді Келімбетов Үкімет отырысында.

Енді тұрғындар туралы деректерді жинау 2 жолмен жүргізіледі.

«Бірінші әдіс – sanaq.gov.kz сайтында интернет сауалнама жүргізу. Ол виртуал көмекші арқылы, қай жерде отырғанына қарамастан, өзі және отбасы жайлы санақ парағын толтыруға мүмкіндік береді.

Екіншісі – қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі аралау. Бұл онлайн режимде санақтан өтпеген респонденттер арасында жүргізіледі.

Тағы бір жаңалық – үй-үйді аралағаннан кейін мәліметтер планшетке жүктеледі және жергілікті мектептерге беріледі. Мұндай санақ 1-30 қазан аралығында жүргізіледі», деді ол.