• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 02 Ақпан, 2021

Өткен жылы 1250 ауыл үшін оптикалық байланыс желісінің инфрақұрылымдық жобасы аяқталды

221 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин биылғы 26 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында цифрландыру саласында берілген Президенттің тапсырмаларын орындау бойынша ұсынылған шаралар туралы баяндады. 

Б. Мусин атап өткендей, Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген барлық тапсырмалары ерекше бақылауға алынып, белсенді жұмыс басталды.

Өткен жылы 1250 ауыл үшін оптикалық байланыс желісінің инфрақұрылымдық жобасы аяқталды. 928 ауыл мобильді интернетпен қамтамасыз етілді. Осылайша, 5330 ауыл мобильді интернетпен қамтылды.

Ревизия жүргізілді, 510 ауылда интернет жылдамдығына қатысты мәселелер қалып отыр.

2021 жылы Министрлік байланыс сапасын жақсарту бойынша жұмыс жүргізеді.

2 жылдың ішінде: 

286 ауыл 3G/4G стандарттарына ауыстырылады.

224 ауыл жерсеріктік трансмиссиядан жерүсті инфрақұрылымына көшіріледі: радиорелейлік және оптикалық байланыс желілері.

250 адамнан кем 242 ауылға кең жолақты мобильді интернет жеткізіледі. 

2021 жылы операторлар 752 базалық станция салады, оған қоса тағы 562 станцияны жаңартады.