• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Ақпан, 2021

Қытай Ресеймен COVID-19 вакцинасы бойынша серіктесуге ниетті

85 рет
көрсетілді

Қытайдың сыртқы істер министрлігі Ресеймен COVID-19-ға қарсы вакциналар мәселесінде серіктесуге дайын екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz

Бұған дейін Ресей Федерациясының елшісі Андрей Денисов журналистерге Ресей мен Қытайда COVID-19-қа қарсы вакцинаның егілгенін растайтын екіжақты құжат туралы келісімге келу керектігін айтқан еді.

Осылайша, елші Қытайда вакцина ектіргендер Ресейдің санитар дәрігерлеріне өздерінің денсаулықтары жақсы екенін айта алады, яки керісінше тоқтамға келеді.«Вакцина − эпидемияға қарсы күресте күшті қару. Қытай тарапы вакциналарға қатысты барлық елдермен серіктесуге, соның ішінде Ресеймен де тығыз байланыс орнатуға дайын», делінген хабарламада.Ресей Федерациясының елшісі бұл халықаралық-құқықтық сипаттағы мәселелер екенін, алайда шекара арқылы келетін адамдардың көп болуына байланысты бұл мәселенің алдағы таңда шешімін табатынына сенім білдірді.

Аида ОРАЛБЕК