• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Желтоқсан, 2013

Алматыдағы тұрғын үйлер жылусыз қалды

320 рет
көрсетілді

Алматы қаласының қақ ортасында жылу құбыры жарылып, 9 адам зардап шекті. Райымбек даңғылы бойындағы құбырлардың бірінен атқылаған ыстық судан күйіп қалғандар бар. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Бізге келіп түскен ақпарда жол бойымен өтіп бара жатқан 14 жастағы қыз баланың қалалық жедел жәрдем ауруханасына жатқызылғаны туралы айтылады. Ал жеке бастары анықталмаған тағы 2 науқас ауыр жағдайда жан сақтау бөліміне түскен. Дәрігерлер оларды3- 4-ші дәрежелі күйік шалғанын айтты.Тағы 2 науқас облыстық көп салалы ауруханаға жеткізілген. «Оқиға орнына барған жедел жәрдем дәрігерлері 9 адамның жапа шеккенін анықтады. Оның ішінде бір жасөспірім бар. Әртүрлі деңгейдегі күйікпен жеткізілген науқастар қазір ем қабылдап жатыр. Олардың денесі ыстық су мен буға күйіп қалған»,-дейді Алматы қаласы жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Владимир Потапенко. Мамандар жылу желісінің тозуына байланысты апат орын алғанын айтып отыр. Сондықтан қалпына келтіру жұмыстары аяқталғанша, жылу уақытша тоқтатылған.

«Апат салдарынан19 көп қабатты тұрғын үй, 36 мекеме жылудан қағылды. Алдағы 7-8 сағатта қалпына келтіру жұмыстары аяқталады деген ойдамыз»,-дейді «Алматы жылу холдингі» МКК бас инженері Айбек Есімов.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «Астана» телеарнасы

Фото: Ura.ru

Соңғы жаңалықтар