Алматы қаласының Қорғаныс істері департаменті 9 мемлекеттік қызмет көрсетеді. Олардың қатарына әскери билетті электронды форматта алу қосылды.
«Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтердің онлайн режіміне сұраныс артып отыр. Көптеген мекеме жабық немесе онлайн жұмыс режіміне ауыстырылғандықтан, қазіргі жағдайда бұл өте ыңғайлы», деді Алматы қалалық Қорғаныс істері департаментінің басшысы, полковник Амантай Өсербаев.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ