Иркутск облысы мен Бурятия шекарасындағы Байкал көлінің су айдынында жер асты дүмпуі тіркелді, деп хабарлайды Egemen.kz
Сейсмологтардың айтуынша, жер сілкінісі сағат 7:48-де солтүстік ендіктің 53,11 градус, шығыс бойлықтың 107,84 градус координаттарында болған. Эпицентрі Ольхон аралынан шығысқа қарай 25 шақырым жерде орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 10,1.
Айта кетейік, 2021 жылдың басынан бастап Байкал көліндегі екінші жер сілкінісі болғаны белгілі болды. Ал алғашқы жер асты дүмпуі 30 қаңтарда тіркелген.
Айтолқын МЫРЗАКАРИМ