• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 05 Ақпан, 2021

Алматыда «Қоғамдық көлік» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр

239 рет
көрсетілді

Алматы полицейлері осы күндері шаһар жолдарында көлік жағдайын тұрақтандыруға, сондай-ақ автобус пен троллейбус жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзуын анықтауға бағытталған «Қоғамдық көлік» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаровтың айтуынша, қалада 1 мың 899 қоғамдық көлікке ие 21 автопарк бар. Биылғы жылдың қаңтарында қоғамдық көлік жүргізушілері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 280-нен астам дерегіне жол берген. Олар көбінесе көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесуге (110 факт), сондай-ақ маневр жасау ережелерін бұзуға (114 факт) жол береді.

- Патрульдік полиция қоғамдық көлік жүргізушілері тарапынан келесі заң бұзушылықтарды анықтады: жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 571-бабының 2 және 3-бөліктері) – 13 факт, көлік құралын тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтау (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі) – 5 факт, жол жүру алдындағы техникалық байқаудың болмауы (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 8-бөлігі) – 12, міндетті техникалық байқаудың болмауы (ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабының 9-бөлігі) – 5, қарама-қарсы жолаққа өту (ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-бөлігі) – 3, жұмыс және демалыс режимін бұзу (ҚР ӘҚБтК-нің 572-бабының 2-бөлігі). Сонымен қатар, автопарк басшыларының ішінен жеті лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді ол.