Қазақстан елшісі Нұрлан Сейтімов Эстония Республикасы Рийгикогу (Парламенті) Мәдениет комиссиясының төрағасы Ааду Мустпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Кездесу барысында тараптар өткен парламенттік сайлаудың қорытындылары және Қазақстандағы саяси реформалардың барысын, екіжақты саяси және экономикалық байланыстарды тереңдетудің келешегін, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігінің 30-жылдығын атап өту шеңберіндегі бірлескен іс-шараларды талқылады. Сонымен қатар, білім беру саласындағы ынтымақтастықты дамытуды заңнамалық қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.
Парламентшілерді екіжақты ынтымақтастық жобаларына неғұрлым белсенді тартуға ерекше назар аударылды. Осыған байланысты сұхбаттасушылар Covid-19 пандемиясынан кейінгі кезеңде Қазақстан мен Эстония арасындағы парламентаралық байланысты кеңейту қажеттігін атап өтті.