Қостанайда қылмыстық топ бюджеттен 484 млн теңгені жымқырған, деп хабарлайды Еgemen.kz
ҚР Қаржылық мониторингі агенттігі Қостанай облысында бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқырған бір топ тұлғаға қатысты ҚР ҚК-нің 190-б. 4-б. 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тергеуге жіберілген.
Қылмыстық топ мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңгені жымқырған. Қаражат облыстың шаруашылық қожалығына күн энергиясын пайдалана отырып, ұңғымалардан суды көтеруге арналған жабдық сатып алуға субсидия ретінде бөлінген екен.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс сотта қаралуда.
Аида ОРАЛБЕК