• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2021

Павлодарда қабан атқан браконьерлерге жаза қандай?

331 рет
көрсетілді

Павлодар облысында қабан атқан браконьерлер сот алдында жауап береді, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«2021 жылғы 5 ақпанда сағат 00.05-те Павлодар облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының жедел қызметкерлері Новоямышево ауылының жанындағы «Омбы-Майқапшағай» автожолының 463 шақырымында 30 жастағы павлодарлық азамат басқарып келе жатқан «Нива» автокөлігін ұстады. Көліктің салонында жүргізушіден басқа тағы екі ер адам болған. Сондай-ақ оларда  көліктің тіркемесі, қарда жүргіш көлік және түрлі маркалы алты мылтық болды, барлық мылтықтар ішкі істер органдарында тіркелген. Оқиға орнын тексеру кезінде 50 метр қашықтықта жабайы қабанның өлі денесі табылды. Полиция қызметкерлері 2021 жылғы 4 ақпанда сағат 13.00 шамасында ер адамдардың Аққулы ауданының аумағында тиісті рұқсатсыз заңсыз аң аулағанын анықтады», деді Павлодар ауданы полиция бөлімінің бастығы Дулат Төкенов.

Полиция қызметкерлері аталған фактінің тіркелгенін атап өтті. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тексеріс жүргізілуде. Автомашина, тіркеме және қарда жүргіш көлік арнайы айыппұл тұрағына қойылды.