Қазгидромет 6-8 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Синоптиктердің айтуынша, Атлантика аудандарынан келген кезекті белсенді циклон Қазақстанның басым бөлігінің ауа райын анықтайды. Жауын - шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман бүкіл республика бойынша байқалатын болады. Кезеңнің соңына қарай Қазақстанның оңтүстік жартысына Түрікменстанның үстінде орналасқан антициклон жотасы әсер етеді. Атмосфералық процестердің тез өзгеруі бүкіл республика бойынша температуралық фонның ауытқуын тудырады.