• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 05 Ақпан, 2021

Париждегі арабтар ресейлік кейуананы аяусыз ұрған

603 рет
көрсетілді

Парижде араб жасөспірімдері ресейлік зейнеткерді аяусыз ұрған, деп хабарлайды Еgemen.kz

Mash каналының айтуынша, зейнеткер әйел Францияға қатерлі ісіктен емделу үшін келген екен.

Оқыс оқиға жәбірленуші емдеу кезінде қоныстанған үйдің ауласында болған. Ол көрші тұратын қызының үйіне бара жатқан жолда қаруланған бір топ жасөспірімді көріп, оларды сыртынан суретке түсіреді. Бұл әрекетті ұнатпаған жігіттер қарияны соққыға жыққан. Абырой болғанда, кейуана аман қалған.

Зейнеткер полицияға арыз жазғанымен, бұзақылар әлі жазаланбапты.

Аида ОРАЛБЕК