Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттылығы», деп атап көрсетті. Осыған байланысты алға қойылған тапсырмалар біздің басқарма ұжымына үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар да атқарылуда.
Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Біздің басты мақсатымыз – әлеуметтік қауіпсіздік және азаматтардың бақуаттылығы», деп атап көрсетті. Осыған байланысты алға қойылған тапсырмалар біздің басқарма ұжымына үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Бұл бағытта ауқымды жұмыстар да атқарылуда.
Енгізілген әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында елде қарқынды дамыған еңбек нарығы қалыптасты. Мәселен, халықтың экономикалық белсенді бөлігінің, жұмыспен қамтылғандардың және өз бетімен кәсіп тапқандардың саны еселеп артып, жұмыссыздық деңгейі 2003 жылғы 9,2-ден 5,3 пайызға төмендеді.
Қазіргі таңда еңбек нарығындағы жағдайды ескере отырып, халықты жұмыспен қамтудың жаңа тәсілдері қарастырылуда. Мемлекет «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде жұртшылықты қолдау аясын барынша кеңітті. Әсіресе, жастарға қамқорлық жасау, жаппай біліктілікті көтеру мен қайта даярлықтан өткізу шараларының арқасында орта тап өкілдері алғы саптан көріне бастады. Нақты айтсақ, жоғарыдағы бағдарлама жүзеге асырыла бастағалы 8 мыңнан астам адам қоғамдық өмірдің барлық саласында жемісті жұмыс істеп жүр. Осы уақыт аралығында республикалық бюджеттен 6,2 миллиард теңге қаржы бөлінді. Ал, 2013 жылдың 11 айында ғана 3,4 миллиард теңге игеріліп отыр. Сондай-ақ, ағымдағы жылы облысымызға «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына республикалық бюджеттен 5838 мың теңге қаржы бөлінуі ортақ іске серпін берді. Бұл жергілікті атқару органдарының құрылымдық бөлімдерінде тиісті семинарлар өткізуімізге мүмкіндік берді.
Бұл мәселелерді бөлектеп айтып отырған себебім, Елбасы Н.Назарбаев «Әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты еңбегінде еңбек қатынастарына заманалық көзқарасты қалыптастыруға айрықша назар аударды. Сондықтан, біз еңбек адамдарының құқықтық сауаттылығын көтеру, жұмыспен қамтылып отырған әртүрлі топтар өкілдерін нақты экономикаға қосу, жұмыс берушілермен арадағы қарым-қатынасты жетілдіру, әлеуметтік қорғау, тағы басқа маңызды бағыттарда ізденіс арқауын күшейтетін боламыз.
Шолпан РАХМАТУЛЛИНА,
Ақмола облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламаларды үйлестіру басқармасы
басшысының міндетін атқарушы.
КӨКШЕТАУ.