• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2021

Б.Сағынтаев Digital Almaty форумы қатысушылармен кездесті

190 рет
көрсетілді

Алматыда бүгін «Digital Almaty 2021: цифрлық қайта жаңғыру: жаңа жағдайға серпіліс» форумы басталғаны белгілі. Форумның негізгі міндеттері цифрландыру саласындағы аймақтық және жаһандық деңгейде күн тәртібін құру, цифрлық трансформацияның жаңа стратегиялары мен жаңа технологиялар саласындағы үрдістерді қалыптастыру, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықтың алдағы қадамдары мен перспективаларын талқылау болды.

Осы орайда Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халықаралық АT қоғамдастық өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізді. Білім беру саласындағы EduSteppe консалтингтік компанияның негізін қалаушы, Edtech Finland басқармасының кеңесшісі Эндрю Ноланмен кездесу барысында білім берудің тиімділігін арттыру мақсатында жаңа технологияларды енгізу мәселелері қаралды. Сонымен қатар, Э. Нолан оқудың мультидисциплинарлық әдісінің, жасанды интеллекттің және адаптивті оқытудың мүмкіндіктері туралы айтты.

Re-State қорының тең құрылтайшысы және бас директоры Анастасия Калининамен кездесу кезінде инновациялық экожүйелерді нығайту бойынша тәжірибе алмасу перспективалары, жаңа технологиялық шешімдерді әзірлеу және инновациялық басқару тақырыптарына зерттеулер жүргізу мәселелері қаралды.

Delta work компаниясының негізін қалаушы және басқарушы серіктесі Даниэль Сиэлмен және Scal8R құрылтайшысы әрі бас атқарушы директоры Игорь Овчаренкомен Алматы әкімі инновациялық кәсіпкерлікті дамыту және түрлі бағдарламалар мен іс-шаралар өткізу арқылы экожүйелерді құру мәселелерін талқылады.

Форумның негізгі тақырыптары отандық АТ-шешімдерді қолдау және жаңа нарықтарға шығу мүмкіндігі, аймақтық серіктестермен іскерлік қатынастарды ілгерілету және цифрландыру жобаларын мақсат етеді.