Әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру, халыққа қолдау, ауданды абаттандыруға байланысты қойылған сұрақтарға Жетісу ауданының әкімі Гүлнар Көкебаева есеп беру кездесуінде жауап берді.
Бүгінде Жетісу ауданында көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды және әлеуметтік осал топтартарды қолдау мақсатында «Шыңға өрлеу», «Домбыра мектебі» және басқа да әлеуметтік клубтар бар.
Ауданның бес жерінде 7-12 жас аралығындағы балаларға арналған тегін футбол және волейбол секциялары ашылды. Секцияларға ауданның 300 астам балаларын қамтылған.
Ауданда Тайланд тәжірибесімен спорттың 10 түрі бойынша «Айнабұлақ жекпе-жек орталығы» алғашқы жаттығу орталығы салынды. Онда келушілер 400 адамға жетті.
Қолжетімді спортты дамыту мәселесі осы жылы Құлагер, Айнабұлақ және Кемел шағын аудандарында жаңа 3 спорт кешенін ашу есебінен шешілетін болады. Құрылыс жұмыстары ағымдағы жылдың соңына дейін аяқталады.
Сонымен қатар, жасөспірімдер спортын қолдау үшін бірінші жартыжылдықта Құлагер, Көкжиек және Көкмайса шағын аудандарында ашық далада орналасқан 3 жекпе-жек орталығы пайдалануға беріледі. Көкмайса шағын ауданында балалар шығармашылығының орталығын ашу жоспарланып отыр, онда балаларға арналған тегін және зейнеткерлердің бос уақытын өткізуге арналған үйірмелер болады.
Кездесу барысында әкім жұмыспен қамту мәселесі кәсіпкерлік секторды дамыту есебінен шешілетінін атап өтті. «Рахат кз», «Алатау» базарларын жаңғырту және «Керемет» сауда үйін салу аясында 1250 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Биыл «Вираж» автосалонының құрылысы аяқталған соң 150 жұмыс орны ашылады.
Гүлнәр Көкебаева өз сөзінде атап өткендей, Жетісу ауданының тұрғындарын әлеуметтік сала мәселелері толғандырады. Оқушы орындарының жетіспеушілігін шешу үшін ауданда жұмыс істеп тұрған мектептерге жапсаржай құрылысы, білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу жүргізілуде.
Осылайша, биылғы жылы №57, 102, 177 мектептерде 1050 жаңа оқушы орнына арналған қосымша құрылыс жұмыстары аяқталады. Сонымен қатар, 850 оқушыға арналған №112, 148, 103 мектептерге қосымша тағы үш жапсарлас құрылыс басталады.
«Біздің ауданымыз да жаңа балабақшаларды ашуға үлкен қажеттілікті сезінуде, өйткені адамдар жыл сайын балабақшаға балаларды беру үшін кезекте тұрады. Бұл мәселені біз сондай-ақ біздің ауданда бірнеше қараусыз қалған балабақша ғимараттарын жөндеу арқылы шешетін боламыз. Осы жылы біз Айнабұлақ-4 шағын ауданында 160 орындық жаңа балабақша салуды бастаймыз», - деп атап өткен аудан басшысы сонымен бірге тұрғын үй және өзге салалар туралы баяндады.