• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Ақпан, 2021

Алматыда миллион ағаш отырғызу бағдарламасының аралық нәтижелері жарияланды

665 рет
көрсетілді

Жұмыс қорытындылары туралы баяндаған Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская өткен жылы Алматыда жыл сайын 40 мың ағаш отырғызу орнына  рекордты көрсеткішпен 280 мыңнан астам жасыл желек отырғызылғанын жеткізді.

«Алматыны дамыту – 2025» бағдарламасы аясында қаланың «жасыл желісін» құру міндеті қойылған болатын.

Ендігі кезекте Алматыда жасыл желектердің мәліметтер базасы құрылады. Биылғы жылы Алматыда 300 мыңнан астам ағаш егуді жоспарлап отырмыз, деп атап өтті Н.Ливинская.

Спикердің айтуынша, жасыл желектерді отырғызудың негізгі үлесі жаңа қосылған аудандарда - Алатау және Наурызбай аудандарында жоспарланған. Бұл «Жаңа Алматы» және «Шетсіз қала» бағдарламалары аясында жүзеге асырылатын болады.

«Мемлекет басшысының ауқымды түрде көгалдандыру жөніндегі тапсырмасы және Алматы әкімінің тапсырмасы бойынша бау-бақша қаласы мен миллион ағаш мәртебесін қалпына келтіру бойынша 2020 жылы рекордтық көрсеткіш - 280 мыңнан астам ағаш отырғызылды. Салыстыру үшін: алдыңғы жылдары орташа есеппен 40 мың ағаш егілді. Ең көп ағаш Алатау, Түрксіб және Наурызбай аудандарында отырғызылды», - деп атап өтті Н. Ливинская.

Сонымен қатар, Алматы қаласын 2030 жылға дейін көгалдандыру стратегиясын әзірлеу аяқталуда. Жаңа жасыл аймақтар үшін орындар анықталды, ескі және апатты ағаштарды кесу және ауа бассейнінің ластануына төзімді ағаштар мен бұталарды отырғызу арқылы жасыл қорды жаңарту бойынша іс-шаралар әзірленді. Қала аумағының аймақтылығын ескере отырып, жасыл желектер тізімі бекітілді.

«Алматыны дамыту – 2025» бағдарламасы аясында қалалық экожүйені біріктіретін және биоәртүрлілікті қолдайтын қаланың «жасыл желісін» құру міндеті қойылды.

«2020 жылы Алматы тұрғындарына көшеттерді тегін тарату бойынша акция іске қосылды. Біздің мамандар алматылықтарға 580-нен астам жапырақты ағаш көшеттерін жеткізді. Осы жылдың көктемінде осы акцияны жалғастыруды жоспарлап отырмыз. 2021 жылы қала бойынша 300 мыңнан астам ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз. Үш жыл ішінде 1 миллион жасыл желек отырғызылады. Осылайша, біз Алматыны бау-бақша қаласы мәртебесіне қайтарғымыз келеді», - деп мәлімдеді басқарма басшысы.

Әкімдік сондай-ақ жасыл желектерді паспорттауды жүргізуде. Нәтижесінде ағаштар, қылқан жапырақты ағаштар, бұталар мен гүлдер туралы үлкен мәліметтер базасы құрылады. Онда жасыл желектердің жасы, диаметрі, жағдайы туралы ақпарат болады. Басқармада атап өткендей, тізілім осы жылдың наурыз айында ұсынылады.

«Жаңа Алматы» аудандарында саябақ аймақтары мен қоғамдық кеңістіктер құруға ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, зерделі шағын ауданында және Боралдай өзенінің бойында ағаштар отырғызылды, бұл учаскелерде саябақтар құрылуда. Өжет пен Алатау шағын аудандарындағы тоғанның бойында тағы екі саябақ аумағы жоспарланған.

«Өткен жылы біз әкімдіктің ауқымды жобаларының бірі – Алматы қаласының Түрксіб ауданында «Желтоқсан» саябағын аштық. Оның ауданы-55 га. рекреациялық аймаққа әуежай көлінің жағалауы мен саябақ аумақтары кіреді. Мұнда біз 100 қылқан жапырақты отырғыздық. Сондай - ақ, Әуежай көлінің жанындағы Маяк тоғайын абаттандыру мен көгалдандыруға ЖСҚ әзірлеу жоспарланған», - деп бөлісті Н. Ливинская.

"Достық" және "Қарасу"саябақтарын салу және қайта жаңарту аяқталуға жақын. Басқармада атап өткендей, екі жоба да жергілікті тұрғындармен бірлесіп жасалған.