• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Ақпан, 2021

Алматыда өткен жылы 40 мыңнан астам бала дүниеге келген

330 рет
көрсетілді

Алматыда 2020 жылы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша 42019 бала дүниеге келген. Нақты айтқанда,  қалалық №2 перзентханада 5,5 мыңға жуық бала, 2937 ұл және 2750 қыз бала туған.

900-ге жуық нәресте хирургиялық араласу арқылы кесарь тілігімен  пайда болды. Перзентхананың бас дәрігері Гүлнәр Нұрланова атап өткендей, уақытынан бұрын босануға жатырдағы тыртық, ұрықтың жамбаспен келуі, ұрықтың қауіпті жағдайы, т.б. жағдайлар себеп болады.

Өткен жылы ауыр дәрежелі преэклампсиясы бар 10 әйел босанды. Статистикаға сәйкес, бұл патология ана өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады. Барлық 10 әйел сәтті босанды.

Естеріңізге сала кетейік, №2 қалалық перзентхана 132 төсектік қуаты бар қаладағы ең көне босандыру мекемесі болып табылады. Перзентхананың жабдықталуы шамамен 100% құрайды.

Өткен жылдың өзінде 265 бірлік заманауи медициналық жабдықтар, оның 204-і жергілікті бюджет есебінен, қалғаны перзентхана есебінен сатып алынған. Ал медициналық көмек жоғары біліктілігі бар медицина қызметкерлер тарапынан көрсетіледі.