• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 07 Ақпан, 2021

Ұлттық білім академиясының Президенті БАҚ өкілдерімен онлайн кездесу өткізді

449 рет
көрсетілді

 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Президенті Ғани Бейсембаев БАҚ өкілдерімен онлайн түрде жүздесті.  Кездесу барысында білім ордасының басшысы  еліміздің білім беру жүйесіндегі тың жаңалықтарды енгізуді қолға алып отырған ең ауқымды салалардың бірі екенін атап өтті. Биылғы жыл Академия үшін айрықша жаңалықтарға толы болатыны сөзсіз.

  Ұлт ұстазы – Ы. Алтынсариннің 180, ұлттық білім академиясының құрылғанына 100, Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жылдығы бір-бірімен тұспа-тұс келіп отыр. Ол өз сөзінде Академияның жанынан жас ғалымдарды тәжірибеден өтуге дайындау, ғылыми-әдістемелік журналдар шығару, ғылыми негізде методологиялық кабинеттерді ашу сынды жаңа бастамалар жоспарлануда. Сондай-ақ, болашақта  педагогикалық ЖОО-мен бірлесе отырып, отандық ғылым жүйесін дамыту мақсатында докторлық  кеңесін құру  сапалы білімді жетілдірудің қадамы болмақ. Жалпы, Ғани Бектайұлы қазақ елінің  ғылымын «брендке»  айналдыруды басты мақсат етіп отырғанын айрықша атап өтті.

Еркін түрде болған онлайн басқосуда белгілі қоғам қайраткерлері, танымал журналистер  және бірқатар БАҚ өкілдері білім беру ісіндегі маңызды мәселелерді көтерді. Белгілі журналист Бибігүл Жексембайдың айтуынша, өз тұрып жатқан Норвегия мемлекетіндегі білім беру үдерісіндегі ерекшеліктерге тоқталды. Ол жақта сабақ кезіндегі үзілісті  ұзартып балаларды таза ауаға жиі шығару қалыпты жағдайға айналған. Германиядан қосылған ғалым-ұстаз Абдуррахман Сел мырза  Вальдорф мектептерінің де білім беру жүйесіндегі оңтайлы әдстемелері жайында өз ойын жеткізді. Оқушылардың білімін бағалау жүйесіне  1 және 8 сынып аралығында ұпай, баға қойылмайды. Неге десеңіз, бағаға тәуелді болу олардың жүйкесіне кері әсері болуы мүмкін. Тіпті оқу үдерісінде оқулықтар өте аз пайдаланатын көрінеді.

Жиын соңында білім ордасының басшысы білім беру мәселелері төңірегінде жиі сұхбаттасып тұруға шақырды.