• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
21 Желтоқсан, 2013

Cемейде кәсіпкерді ақша үшін өз туысы өлтірді

248 рет
көрсетілді

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласындағы кәсіпкерді туысы өлтірді. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.

Семей қаласындағы мейрамхана иесі 1,5 млн.теңге үшін өз абысыны қолынан қаза болды. Бұл жөнінде Семей қалалық ішкі істер басқармасында өткен баспасөз мәслихатында айтылды. Қылмыскерлер Ольга Искакова есімді кәсіпкерді өз пәтерінде өлтірген соң, мәйітті қаладан 45 шақырым жерге апарып, өртеп жіберген.

10 желтоқсан күні полиция бөліміне О. Искакованың жоғалғанын абысыны өзі айтып берді. 2 күннен кейін қала сыртында жатқан мәйітті жүк көлігінің жүргізушісі кездейсоқ көріп қалған.

Жедел іздестіру шаралары кезінде О. Искакованың өліміне оның абысынының қатысы бар екендігі анықталды. Күдікті туысын сыйбайласымен бірге өлтіріп, 1,5 млн. теңгені иемденбек болған.

«Бұл азаматтардың үстінен Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-тармағы, яғни қасақана кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғалды. Олар 10-15 жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,- дейді Семей қалалық ІІБ мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің басшысы Елубек Оспанов. Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: «24 kz»

Фото: «Курьер среда».

Соңғы жаңалықтар