АҚШ-тың бұрынғы мемлекеттік хатшысы Джордж Шульц 101 жасында қайтыс болды. Бұл туралы кеше Стэнфорд университеті жанындағы Гувер институтының сайтында жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Джордж Шульц АҚШ-тың 40-шы президенті Рональд Рейганмен бірге қырғи қабақ соғысты тоқтату үшін дипломатия құралдарын қолдана отырып, тарихтың бағытын өзгертуде маңызды рөл атқарған саясаткер. Сондай-ақ ол Ричард Никсон, Рональд Рейган сынды американдық көшбасшылардың әкімшіліктерінде маңызды қызметтер атқарды. Әр жылдары еңбек және қаржы министрі, Ақ үйдің әкімшілік-бюджеттік басқармасының басшысы, АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы болды.
Институт сайтындағы Шульцтің өмірбаянында ол «АҚШ тарихындағы президенттік кабинетте төрт түрлі лауазымға ие болған екі адамның бірі» екендігі айтылған. Мәлімдемеде келтірілген бағалауға сәйкес, Шульц Америка тарихындағы «ең ықпалды мемлекет қайраткерлерінің бірі» болған.