• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2021

Шымкентте карантинді бұзған компьютерлік клуб анықталды

212 рет
көрсетілді

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторлары карантин режимінің сақталуын бақылау бойынша рейдтік іс-шараларды өткізуді жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде карантин талаптарын елемей жұмыс істеген “ZEUS” компьютерлік клубы анықталды. Оның ішінде 50-ге жуық адам болған.

Аталған жайт бойынша учаскелік полиция инспекторлары жиналған әкімшілік құжаттарды карантиндік шектеу талаптарын бұзғаны үшін компьютерлік клубтың иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК 425-бабының 1-бөлігі бойынша шаралар қабылдау үшін Әл-Фараби ауданы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады. Тәртіп сақшылары карантин талаптарын кез келген бұзу жайты әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.