Өткен аптада ел аумағында 3 339 қылмыс жасалған. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Бір апта ішінде 3 339 қылмыс жасалды, оның 2 134-і тәулік ішінде ашылды. «Полиция қызметкерлері «ізін суытпай» 9 кісі өлтіруді, 4 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруді, 2 қарақшылық, 32 тонау және 508 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», деді Нұрділдә Ораз.