• RUB:
    5.06
  • USD:
    508.05
  • EUR:
    534.82
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2021

Атырауда қауіпті індетті жұқтырушылар азайып келеді

219 рет
көрсетілді

Атырау облысы соңғы аптада «сары аймақта» тұрақтап тұр. Бұған коронавирус инфекциясын жұқтырушылар қатарының азайып келе жатқаны себеп болып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz

Мәселен өткен тәулікте коронавирус инфекциясы 43 адамнан анықталды. Олардың қауіпті вирусқа шалдыққаны ПТР-тест  арқылы расталыпты.

«Науқастардың арасында Атырау қаласынан 16 адам бар. Ал Теңіз кенішінде 23 жұмысшы,  Жылыой ауданында 3,  Махамбет ауданында 1  адам Сovid-19 жұқтырды. Қауіпті вирустың симптомды түрі 9 науқастан табылды. Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 44 адам  емделіп шықты», деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау басқарманың баспасөз қызметінен.

Дегенмен, үйде емделіп жатқан науқастар әлі де бар. Қазір 370 адам үй жағдайында емделу  үшін оқшауланды. Сондай-ақ облыстық инфекциялық стационарда 71, аудандардағы стационарларда 24 пациент ем қабылдауды жалғастырып жатыр.