• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қоғам 08 Ақпан, 2021

Нұр-Сұлтанда КВИ-ға қарсы вакцинация саны жеткілікті ме?

171 рет
көрсетілді

Бүгінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасында КВИ-ға қарсы вакцинаның 1 531 дозасы бар. Бұл туралы ОКҚ брифингінде Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Басқарма қоймасында көлемі 360 литр, ал сақтау температурасы -18-25°С болатын 4 тоңазытқыш бар. БМСК ұйымдарында жалпы саны 20 мұздатқыш камера (-18°С) жұмыс істеп тұр. 2021 жылғы 19 қаңтарда қосымша 22 мұздатқыш камералары жеткізіледі деп күтіліп отыр. Термоконтейнерлердің 82 бірлігі бар», деді Тимур Мұратов. Сондай-ақ басқарма ДСЭК-пен бірлесіп егу кабинеттерінің дайындығы мен вакцинациялау жүргізуге әрі «суық тізбекті» сақтау жағдайларының болуына мониторинг жүргізуді жалғастыратын болады.