Қорғаныс ведомствосы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету жөніндегі келісімге қол қою туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Құжат Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы ақысыз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қою мақсатында әзірленді.
Келісім жобасының мақсаты – Қазақстан Республикасының әскери мүлкін Қырғыз Республикасына бір жолғы беруге құқықтық негіз құру.
Құжат жобасының толық мәтінімен ағымдағы жылдың 20 ақпанына дейін ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=6766511