• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Аймақтар 08 Ақпан, 2021

Атырау тұрғындарының қаруы тәркіленіп жатыр

729 рет
көрсетілді

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 4 ақпаннан бері «Қару» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Үш күнде сақтау, тіркеу ережелерін бұзған 100-ге жуық тұрғынның қаруы тәркіленді, деп хабарлайды Egemen.kz

«Іс-шараның мақсаты – Атырау облысының аумағында қару мен оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, жеткізу арналарын анықтау.  Сондай-ақ, қарудың сақталуын, тіркелуін, қайта тіркелуін тексеру. Тек үш күнде 2000-нан астам азаматтық қару иелері тексерілді. Нәтижесінде, 100-ге жуық тұрғынның қаруды сақтау, тіркеу, тасымалдау ережелерін бұзғаны анықталып, олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың үйінде сақталған қаруы тәркіленді», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Ал заңсыз айналымнан бес қару анықталып, баллистикалық сараптама тағайындалып отыр.