• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Руханият 09 Ақпан, 2021

Ақтоты Райымқұлова Мұқағали Мақатаевқа арналған жыр эстафетасына қатысты

623 рет
көрсетілді

Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толуына арналған жыр эстафетасына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлы жолдаған жыр эстафетасын құрметпен қабыл алып, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдəулетке, барша оқырман қауымға жолдады.