• RUB:
    4.88
  • USD:
    441.8
  • EUR:
    480.02
Басты сайтқа өту
Аймақтар 09 Ақпан, 2021

Елорда жастары Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін оқу челленджін бастады

261 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай, ақынның өлең шумақтарын оқу республикалық челленджін бастайды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шараның мақсаты - Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын жастар арасында кеңінен насихаттау, шығармаларын оқу арқылы өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, ақынның шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру.⠀Басқарма басшысы Қайрат Қамбаров челленджге бастау беріп, оны басқа өңірлердегі Жастар саясаты басқармаларына және өзге де белсенді жастарға жолдады.⠀Аталған челлендж республикалық деңгейде ұйымдастырылып жатыр. Сол себепті кез келген адам ақынның қалаған шығармасын таңдап, #МұқағалиМақатаев90жыл хэштегімен бөлісе алады.