• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Ақпан, 2021

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

128 рет
көрсетілді

Бірнеше облыста ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет».

10 ақпанда Түркістан облысының тауларында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады. Шымкентте кей уақытта тұман болады.

10 ақпанда Атырау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жел күтіледі. Атырау қаласында түнде және таңертең оңтүстік-шығыстан екпіні 15-18 м/с жел болады. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде – 15-20 м/с.

10 ақпанда Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде – 15-20 м/с. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман күтіледі. Ақтау қаласында 10 ақпанда түнде көктайғақ болады.

10 ақпанда Қарағанды облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, кей жерлерінде күші – 15-20 м/с. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болады. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші – 15-20 м/с. Петропавл қаласында батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

9 ақпанда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ, 9-11 ақпанда кей жерлерде тұман күтіледі. Қызылорда қаласында 9-11 ақпанда тұман түседі.