• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Технология 09 Ақпан, 2021

Facebook коронавирус туралы жалған ақпаратты өшіріп отырады

243 рет
көрсетілді

«Фейсбук» әлеуметтік желісі коронавирусқа қатысты кез-келген жалған ақпаратты өшіріп тастайтын болды, деп хабарлайды Egemen.kz

Компания өз сайтында осындай мәлімдеме жасады. Әсіресе вакциналау мен вирус қолдан жасалғаны туралы ақпарларға көңіл бөлінбек. Жалған ақпарат тарататын топтар мен парақшаларды да бұғаталады. Әлеуметтік желі Денсаулық сақтау органдарының дерек қорларына сілтеме беріп, қай жерде екпе алуға болатынын да көрсетпек. Қызмет алдымен АҚШ-та, содан кейін өзге елдерде қолға алынады.