• RUB:
    5.58
  • USD:
    474.72
  • EUR:
    515.17
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Ақпан, 2021

Түркия 2023 жылы Айға ғарыш аппаратын ұшырмақ

135 рет
көрсетілді

Түркия 2023 жылы Айға ғарыш аппаратын ұшырмақ. Бұл туралы ел президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасын жариялау кезінде мәлімдеді.

Анкара 10 жылдық жоба аясында өз мамандарын ғарышқа ұшырып, бәсекеге қабілетті жерсеріктерін жасауды жоспарлап отыр. Жалпы Түркия өзінің ғарыш агенттігін осыдан 3 жыл бұрын құрған. 

«Біз бағдарламаның бірінші кезеңінде өзіміздің гибридтік зымыранымызбен айға қонамыз. Ал 2028 жылы жобаның екінші кезеңінде жер орбитасына шығу үшін өзіміз жасап шығарған зымыранды қолдануды жоспарлап отырмыз», деді Режеп Тайып Ердоған.

Айта кету керек, Ердоғанның сөзінше, ғарыш аппараты Айға елдің жүз жылдығына орай қонады. Сондай-ақ Түркия ғарыш айлағын салуды жоспарлап отыр. Соңғы 18 жылда Түркия спутниктермен, ғарышпен, ұшыру жүйелерімен және ғарыш жабдықтарымен байланысты 56 жобаға 2,1 миллиард лир (125 миллиард теңге) бөлген.