• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Әдебиет 10 Ақпан, 2021

Елордада «Мұқағали Мақатаевқа арнау» байқауының жеңімпаздары марапатталды

362 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған кітапханасында ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына орай арнайы жиын өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Рухани кездесу Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйытқы болуымен өтті.

Шараға Мұқағали Мақатаевтың қызы Алмагүл және немересі Роза видео сәлемдемелерін жолдап, ел болшағы – жастарға ризашылықтарын білдіріп, алдағы бастамаларына сәттілік тіледі.

«Бүгінгі өтіп жатқан іс-шара биік тұлға, ақиық ақын Мұқағали Мақатевтың 90 жылдығына арналып отыр. Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен тұспа-тұс келген бұл мереке әрбір қазақтың шаңырағында мереке деп ойлаймыз. «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері өздерінің сиясы кеппеген өлең жырларын ақынға арнап, сіздерге ұсынып отыр. Шара негізінен Мақатаевтың 90 жылдығына арналған инстасайыс ретінде жарияланған болатын. Қазіргі таңда бұл сайысқа 200-300-ге жуық жасөспірім атсалысып, соның ішінде 30-ға жуық қана қатысушы іріктеліп алынды», деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

Шара барысында «Мұқағали Мақатаевқа арнау» инстаграм байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың жеңімпазы ретінде №16 мектеп оқушысы Әмина Түгел атанды. Жүлдегерлер қатарына №74 мектеп оқушысы Ақнұр Тұяқбай және №66 мектеп оқушысы Аяжан Мейрамбек ілікті.