Өзбек тарапының бастамасымен Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Өзбекстан Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сұхбаттасушылар екіжақты және көпжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ жоғары және аса жоғарғы деңгейдегі кездесулердің кестесін талқылады.