• RUB:
    5.53
  • USD:
    474.57
  • EUR:
    513.63
Басты сайтқа өту
Елорда 12 Ақпан, 2021

Елордада 1 640 адам коронавирусқа қарсы екпе алды

118 рет
көрсетілді

Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация басталды. Бірінші кезекте вакцинаны КВИ жұқтыру қаупі жоғары адамдар алады, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

1 ақпаннан бастап елордада 1 640 адам коронавирусқа қарсы екпе алды. Вакцинация бойынша 1 500-ден астам медицина қызметкері оқытылды.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші кезеңде медицина қызметкерлері, оның ішінде жедел медициналық жәрдем станцияларында, реанимацияда, санитарлық-эпидемиологиялық қызметте жұмыс істейтін мамандар вакцинацияланады. Келесі кезеңде - мектеп мұғалімдері, ЖОО педагогтары, полиция қызметкерлері, ТЖ қызметкерлері және т. б. қабылдайды.

Ресейлік "Спутник V" вакцинасы екі компонентті: 1-компонентті алғаннан кейін екіншісі 21 күннен кейін егіледі.

Бүгінгі таңда 1-компоненттегі вакцинация аяқталуда.