Мельбурнде өтіп жатқан Аустралияның ашық біріншілігі нағыз қызған шағына жетті. Өкінішке қарай, жекелеген сайыстарда сынға түскен Қазақстанның бірде-бір теннисшісі төртінші кезеңге шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz
Соңғы үмітіміз Юлия Путинцева еді. WTA рейтингінде 33 орында түрған жерлесіміз үшінші айналымда әлемнің бесінші ракеткасы Элина Свитолинадан ұтылды. Алдыңғы жылы Уимблдон мен АҚШ-тың ашық біріншілігінің жартылай финалына дейін жетіп, былтыр Ролан Гарростың ширек финалында ойнаған Украина теннисішсі бұл бәсекеде 6:4, 6:0 есебімен жеңіске жетті.
Есесіне Александр Бублик пен Андрей Голубев жұбы Мельбурнде сәтті өнер көрсетуде. Екінші кезеңде олар осы жарыстың басты фавориттері Хуан Себастьян Кабаль мен Роберт Фарадан 6:4, 6:4 есебімен айласын асырып, үшінші айналымға жолдама алды.