• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 14 Ақпан, 2021

306 қазақстандық анықтамасыз ұшып келген

191 рет
көрсетілді

2021 жылдың 13 ақпанында халықаралық авиарейстермен келген жолаушылар бойынша ақпарат жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz

2021 жылғы 13 ақпанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, Кипр, РФ, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 15 халықаралық әуе рейсі келді.

2 242 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 1 900 адам, анықтамасыз 342 ҚР азаматы болды.  Оның ішінде: Алматы қаласының әуежайына – 10 рейс, 1 792 жолаушы, анықтамамен - 1 533, анықтамасыз - 259;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 440 жолаушы, анықтамамен - 357; анықтамасыз - 83;

Өскемен қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 10 жолаушы анықтамамен келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтіп отыр.

Анықтамасыз келген барлық 306 ҚР азаматының ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті.