«Реал» командасының бас бапкері Зинедин Зидан Францияның футбол құрамасын жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz
Мәлеметтерге сәйкес қазіргі бапкер Дидье Дешамның ұлттық құрамамен келісімшарты 2022 жылы аяқталады. Егер ол келісімді жаңартудан бас тартса, Франция футбол федерациясы (ФФФ) Зиданға өз позициясын ұсына алады.«Дешамның мұрагері кім? Біздің Зиданмен қарым-қатынасымыз өте жақсы. Егер Дидье ұлттық құраманың жаттықтырудан бас тартса, мен әлі де қызметімде жүрсем, онда әлбетте бұл лауазымда бірінші көргім келетін адам Зидан болар еді», деді ФФФ басшысы Ноэлле ле Гре.