• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 15 Ақпан, 2021

Өзбекстанмен бірлескен кәсіпорын ашпақ

429 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Өзбекстан бірқатар өнеркәсіп жобаларын бірлесе атқаруға ниетті. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Өзбекстан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Саидкәрім Ниязходжаевтың өзара кездесуінде мәлім болды.

Алдағы уақытта біздің елдің аумағында машина жасау саласы бойынша бірлескен кәсіпорын құрылмақ. Сондай-ақ Өзбекстанда фармацевтикалық өнімдер өндірісін ашу да жоспарда бар. Жүзеге асыруды жоспарлап отырған тағы бір маңызды жоба – гигиеналық заттар мен медициналық препараттарды да­­йындаумен айналысатын зауыт құрылысы.

Қазақстан мен Өзбекстан екі елдің туристік әлеуетін арттыруға мүмкіндік беретін жоғары жылдамдықты Түркістан – Шымкент – Ташкент теміржол жолаушылар қатынасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Бұдан басқа, Өзбекстан аумағына шығатын Мақтаарал – Дарбаза жаңа желісін салу жос­парланып отыр. Бұл жоба Сарыағаш өткелі пунктінің жүктемесін едәуір азайтады. Со­нымен қатар Түркістаннан Ташкентке дейін созылатын жаңа жоғары жылдамдықты магис­тралды іске қосу да жоспарда бар.

Кездесу сәтінде әуе қатынасы да назардан тыс қалмады. Қазір пандемияға қарамастан елдер арасындағы рейстер тұрақты орындалып жатыр. Келешекте оның санын ұлғайту, сондай-ақ Өзбекстанның Үргеніш, Самарқан, Нүкіс қалаларынан Қазақстанның Түркістан, Ақтау және Тараз қалаларына жаңа бағыттар ашу жайы айтылды.