• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Ақпан, 2021

Шымкент әкімі инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын пысықтады

495 рет
көрсетілді

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын аралады.

Қала әкімі алдымен №28 кәріз сорғы станциясының және №2 коллекторға дейінгі магистралды кәріз коллекторының құрылысын пысықтады. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаладағы бірқатар инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын аралады. Қала әкімі алдымен №28 кәріз сорғы станциясының және №2 коллекторға дейінгі магистралды кәріз коллекторының құрылысын пысықтады. 

Ұзындығы 12,9 шақырым коллектордың және №28 кәріз сорғы станциясының құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталған болатын. Жоба құны – 3 138,6 млн теңге. Мердігер «Сарыағаш-Аман» мекемесі өткен жылы 757,1 млн теңге қаражатты игерді. 2021 жылға 1 481,5 млн теңге қаржы қаралған. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.  

Қала әкімі аталған нысандардың құрылысында қазірден сапаға көңіл бөлуді тапсырып, құрылыс барысын тұрақты бақылап отыратынын айтты. Сондай-ақ, құрылыс техникаларының тазалығына да мән беруді міндеттеді.  Нысан құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Нәтижесінде, ағымдағы жылы құрылысы жүргізілетін Мирас, Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік-Шығыс, Тассай, Нұртас елдімекендердегі кәріз жүйесі осы коллекторге қосылатын болады. Яғни, осы елдімекендердің кәріз жүйесіндегі сарқынды су осы коллекторге құяды. 

Айта кетсек, Мирас, Шапағат-2 шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында кәріз құрылысын «Ынтымақ Бес Арыс» ЖШС жүргізуде. Жоба құны - 1 348,9 млн теңге. 2021 жылға 401,6 млн теңге қаржы қаралған.

Сондай-ақ, Ұлағат шағынауданын кәріз жүйесімен қамтамасыз ету бойынша биылға 403,6 млн теңге қаражат бөлінген. Кәріз жүйесі құрылысын аяқтауға қажетті қаржы - 934,4 млн теңге.