Елордадағы жаңа жеңіл атлетикалық «Qazaqstan» кешенінде алғашқы ірі жарыс өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Жарысқа Солтүстік Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Ақмола, Қостанай облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласынан 175 атлет қатысты.
Сондай-ақ біріншілік барысында қалалық триатлон федерациясының спортшылары да бақ сынады. Турнирде жалпы есебі 9 жекелей сын, бір командалық жарыстан жүлделер таратылды. Атап айтар болсақ, спортшылар 60 метрге, 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден, сондай-ақ, 200, 400, 800, 1500 және 3000 метрге жарысудан сынға түсті.
Ядро лақтыру, аралас эстафета мен ұзындыққа секіруден де жеңімпаздар анықталды.